Текст
Институт орта мектебінде жылдағы дәстүрге сай 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараларға аналар, әжелер, ұстаздар шақырылды. Концертке барлық сынып оқушылары қатысты. Оқушылар аналарына, әжелеріне, ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп ,өлеңдер оқыды. Бастауыш сынып оқушылары аналарына арнап өз қолдарынан жасалған гүл шоқтарымен ашық хаттар сыйлады. Жалпы мерекені барлық сыныптар осы жылы асқан дайындықпен, қызықты өткізді.