«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Институт орта мектебінде өткізілген 8-Наурыз іс-шарасы бойынша есеп

13.03.2018

2018 жылдың 5 мен  7 наурызы  аралығында Институт орта мектебінде мұғалімдер,

ата-аналар мен оқушылардың күшімен 8 Наурыз мерекесі  өткізілді. 8-Наурыз балалардың да үлкендердің де жақсы көретін мерекесі. 8-Наурызға дайындық алдын-ала басталды. Мұғалімдер оқушыларымен түрлі өлеңдер мен әндер жаттап, «Аналар, асыл жандар»  тақырыбына сынып сағаттар өткізіп, 8-Наурыз мерекесінің шығу тарихы жайында  әңгімелер жүргізді. Наурыздың 5 күні мектебімізде  0-4 «А» сынып оқушылары арасында «Анаға қарап қыз өсер» атты  сайыс өткізіліп, оқушылар 8-Наурыз мерекеге мектепті безендіруге құлшына кірісті.  Бұл сайыста бастауыш сыныптың қыздары өз аналарымен бірге өнерлерін көрсетті. Сайыс 6 кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру. 2. Өз өнерлерін көрсету. 3. Үй тапсырмасы. 4. Шәш өру үлгісін көрсету. 5. Ситуациялық жағдай. 6. «Мені таны» ойыны сияқты кезеңдерден тұрды. Сайыскерлер барлық кезеңідерде де сүрінбей өз өнерлерін тамаша көрсете білді. Бұл сайыс мектепішілік іс-шараға ата-аналарды да қатыстыру, ата-аналарды балаларының мектептегі өміріне араласып, балаларына да көңіл бөлу жұмысын жүргізіу болды. Сайыс өте қызықты да тартысты өтті.

Ал наурыздың  6 күні  0-4 «Б» сынып оқушылары арасында аналарға арналған шағын концерт өтті.  Бұл концертте оқушылар аналарына, әжелеріне арнап түрлі әндер айтып, өлеңдер оқып, билер де биледі. Оқушылар концерт кезінде өз аналарына, әжелеріне арнап өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын да табыс етіп жатты.

Сонымен қатар 7 Наурыз күні 5-11 сынып оқушыларының аналарға, әйел ұстаздарға арнап «И в шутку,  и всерьез!» тақырыбында шағын концерт қойды. Оқушылар бар өнерлерін көрсетіп, мұғалімдерді, аналарды, әжелерді, барлық әйелдер қауымын шын ниеттерімен құттықтады. Жүргізіушілер әзіл сөзерімен көрермендерді бірде күлдіріп, бірде қуанышқа бөлеп, әдемі жүргізді.

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст