«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.

05.03.2018

Алтын алма,

алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.

(халық нақыл сөзінен)


 «Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып,

халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», – деп атап өтті

Мемлекет басшысы.

Елбасы

өз сөзінде қазіргі уақытта жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер

өршіп, соғыс болмаса да соғыс болғандай       қан

төгіліп жатқандығын, миллиондаған адамның босқынға айналғанын баса айтты.

«Мұндай

кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды

еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап

қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете

алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім.

Адамдар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса

кешіруі қажет».                                                                                                                                      

                                                                                                                              Н.Назарбаев.

 

         Елбасының

осы сөздеріне сүйене отырып біз мектепте «Алғыс айту» күніне арнап «Екі жұлдыз»

сайысын өткіздік. Сайыстың мақсаты да мектеп өміріне ат салысып, араласып

жүрген, талантты да дарынды бала тәрбиелеген ата-аналар мен ұстаздарға және осы

қос тәрбие ошағының  түлектері қанат

қаққан жас дарындарға алғыс айту болды. Сайысымызды аталы сөз «Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер

сыйы, алғыс деген ел сый» - деген ұранмен бастап, оқушылар ата-әжелері мен

ата-аналарына, білім берген ұстаздарына, бірге оқыған сыныптастарына барша адам

атаулыға  жүрек жарды  алғыстарын айтумен сайысымыздың шымылдығын

ашты. Осы орайда  болашақ ұрпаққа «АЛҒЫС

АЙТУ» сынды ұлы ұғымды саналарына сіңіріп, жүректеріне мейірімділік деген

сезімді себе білдік деген ойдамыз.

Алыс айту күніне арнап мектептің

ардақты ұстазы тарих пәнінің мұғалімі өз құттықтау сөзін айтып, сайысқа

қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айта отырып, сәттілік тіледі. Сайыс

кезінде қатысушы сайыскерлер бар өнерлерін көрсетіп, көрермендердің де

төрешілердің де көңілінен шыға білді. Ерекше талантымен көзге түскен сайыстың

ең жас үміткері Митрофанова Ульяна мен анасы әрі бастауыш сынып мұғалімі

Митрофанова Мария Владимировнаның жұптары өнерлерімен көрерменді тәнті етіп,

сайыстың жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары бұл

сайысқа белсенділік көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, 4А сыныптан

Байтоқан Қарақат анасымен бірге ән шырап, тамаша өнер көрсетті. Ал 4Б сынып

оқушылары бұл сайыста ең белсенді сынып болды. Оқушылар бар өнерлерін көрсетіп,

жүлделі орындарға ие болды. Осындай белсенді, талантты оқушылар тәрбиелеген

ұстазы Ильина Татьяна Ивановнаға шексіз алғыстарын да айтты.

         Қорытындылай

келе  отбасы мен мектеп -  адал қоғамның ұйытқысы болар саналы да

тәрбиелі болашақты тәрбиелеп жатқанына сеніммен қарауымыз керек. Екі таудан

бастау алар мөлдір бұлақтар  - олар

болашақ ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне салмақты қарап, ұрпақты алғыс айта

білуге, кешірімділікке тәрбиелейік.   Сөз соңын тағы Елбасымыздың сөзімен аяқтағым

келеді.

         «Құндылықтардың қадіріне жете алған

елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім.

Адамдар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса

кешіруі қажет», - деген екен Елбасымыз. Ендеше  келешегіміз кемел де жарқын болсын!!!

  

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст