«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусым - Балаларды қорғау күні.

16.06.2017

 1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.

Мереке қарсаңында  Институт орта мектебі жанында мерекелік іс- шара өткізілді. Ауылдың балалары келіп,мерекеге қатысып,сыйлықтарға ие болды.

Осы орайда, мереке күні мектеп қызметкерлері кішкентай сәбилерімізді құттықтау мақсатында әр түрлі ойындар ойнатып, ән салды. Аталған мекемеде 1-7 жас аралығындағы  балалар қатысты. Мерекеге орай, балаларға мектеп ұжымы сәбилердің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізді.

Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында.   Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз! 

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст