«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаз маусымындағы судағы қауіпсіздік

22.05.2024

 

Жаз маусымындағы судағы қауіпсіздік

Жарқыраған су балаларды жаздың аптап ыстығында демалуға, суға түсуге, ойнауға мүмкіндік береді. Бірақ шомылу процедурасы тек қауіпсіз болып көрінеді.
Балалардың көбісу суда жүзу білмейді немесе нашар жүзеді, олар үшін арнайы  қауіпсіздік құралдарын пайдаланыңыз. Балаңызға матрацтарда немесе үрлемелі сақиналарда жүзуге рұқсат бермеңіз,өйткені тастар мен ағаш бұтақтары жиі жарақатқа әкеледі. Балаларға суда ойын ойнауға жол бермеңіз, әсіресе су астында жасырынбақ немесе (судың астына батыратын)ойындарды ойнауға рұқсат беремңіз. Мұндай ойын-сауықтың соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.
Батып жатқан адамға алғашқы көмек көрсету
Зардап шегушіге дұрысжәне уақытылы алғашқы көмек көрсету көбінесе оның өмірге қайта оралуының жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Егер сіз кездейсоқ құтқарушы болып шықсаңыз, онда ең алдымен мынандай іс-әрекеттер істеу қажет:
Зардап шеккен адамды судан шығарғаннан кейін оның аузын бөгде заттардаң (балшық, шөп, т.б.) тазалаңыз.
Зардап шегушіні бүгілген тізеге ішін және бетін төмен қаратып жатқызып, қолын арқасына қайта-қайта басып өкпе мен трахеяға түскен суды кетіру.
1-2 минут тыныс алудың болмауы зардап шегушінің өліміне әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Жүректің тоқтап қалуының негізгі белгісі – тамыр соғуының болмауы, қаршықтардың кеңеюі.

Просмотров: 1100

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст