Институт орта мектебі бойынша 7 мамыр мен 9 мамыр аралығында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай бірқатар іс – шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні – бұл еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСРО-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Сөйтіп 7 мамыр Отан қоғаушылар күні деп жарияланды. Отан қорғаушылар күнін Шортанды аудандық әкімдігінің алдында атап өттік.
Мерекелік саптың ашылу салтанатында мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Әнұран ойналды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы саптағы оқушылардан рапорт алып, сапқа жүру мен әскери әндерді сапта орындауға бұйрық берді. Аудан әкімі Г.Ә.Сәдуақасова мерекелік шараға жиналған көпшілік пен мерекелік сапқа тұрған жас оқушы сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап өтті. Шортанды ауданына қарасты әр мектеп оқушылары парадқа жүріп патриодтық әндер шырқады. Мереке соңында барлық мереке қатысушылары марапатталды.
9 мамыр күні Жеңіс тойы - баршаның ортақ қуанышы болғандықтан мектеп болып шеруге шықтық. Бұл салтанатты шара Дамса ауылдық округінің ескерткіш алаңында өткізілді, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Онда әкімшіліктен адамдар және ардагерлер сөз сөйлеп, мерекелік концерт тамашалады.
Институт орта мектебінің ұжымы мен оқушылары Ұлы Отан Соғысына арнап ән шырқап, өлеңдер оқыды.