«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

16.05.2017

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ А-6/250 қаулысымен
бекітілді

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар пакетін қабылдайды және тіркейді – 10 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына құжаттарды қол қою үшін жолдау;
      2) басшы құжаттардың толықтығын тексереді, қол қояды және баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы шешім береді – 20 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы шешім беру;
 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) жауапты орындаушы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
      7. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (әрекеттің) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар пакетін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 10 минут;
      2) басшы құжаттардың толықтығын тексереді, қол қояды және баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы шешім береді – 20 минут.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау, осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

Просмотров: 175


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст