«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016-2017 оқу жылындағы Институт орта мектеп жанындағы жазғы «Солнышко» атты сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі

16.06.2017

Оқушылар үшін  ең қызықты мезгіл — жаз маусымы.

Үш ай каникулда балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың дені өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге баратыны белгілі. Бүгін біз демалыстың көркі — лагерь екенін тағы да айтуды жөн көрдік.

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған,ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі-құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке-шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.

   Институт  орта мектептің 2016-2017 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Солнышко» лагерінің жалпылама есебі. Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша I ауысым бойынша жұмыс жүргізді.

I-ауысым 05.06-16.06.,II –ауысым 19.06-30.06

Мақсаты:

   «Солнышко» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

 Міндеттері:

-    Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

-    Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

-    Балалардыңойын алаңындағы ертеңгілікдене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

-   Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

-   Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

-  Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;

-   Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

«Солнышко» лагері төмендегі күн тәртібі бойынша жұмыс жүргізді:

  Таңертең 10.00 де балаларды қабылдау;

 Лагерь балаларына жоспар бойынша қауіпсіздік ережелермен таныстырылып,тәрбиешілер өз міндеттерін қолға алды.

Тәрбиешінің міндеттері

▲   Балалардың тәрбиесін өмір   қауіпсіздігін ұйымдастыруды жоспарлайды.

▲   Балалардың өзін-өзі жақсы сезінуі үшін жақсы жағдайды ұйымдастыра отырып әр күндік жұмыстар жүргізеді.

▲ Демалу мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.

▲ Мереке мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.

         Маусым айының 5 жұлдызында мектеп жанындағы «Солнышко» мектеп лагері өз жұмысын бастады. Лагерь 2 маусымнан турады, әр маусымның жауапты бастауыш сынып мұғалімдері бар. Жауапты мүғалімдер таңертең 10.00 ден қабылдап алып, 13.00 ге дейін әр түрлі қызықты ойындар ойнатады. Лагерге балалар кешікпей келіп,ойындарға белсенді қатысуға тырысады.

    "Солнышко" жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды.

    Лагерь жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты: балалардың лагерь жағдайында әлеуметтік тәжірибе жинақтауы, дамуына жағдай жасау, сауықтыру мазмұны, түрі жағынан әр түрлі қызықты да мазмұнды жүйе қалыптастыру.

    Жазғы мектеп жанындағы лагердің негізгі міндеттері: лагерь тәрбиеленушілері мен педұжымның бірлесіп атқаратын іс- шарасын ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық,біліктілік, дене тәрбиесі қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.    

Мектеп, қала, елінің тарихы туралы білім көлемін толықтыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст