«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 оқу жылындағы Институт орта мектебінде өткізілген Тәуелсіздік Күні іс-шарасы бойынша есеп

12.02.2018

16 желтоқсан - еліміз үшін ерекше күн, еліміздің азаматтары үшін тарихтың ескі кезеңінің аяқталуын белгілеп, Қазақстан Республикасының дауына  жаңа беттердің ашылған кезі . Институт  орта мектебінде азаматтық патриотизмді қалыптастыру және тәрбиелеу мақсатында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне

арналған салтанатты іс-шараларды өткізу үшін жоспар  құрылды.  

Бұл жоспарда бастауыш сыныптар үшін «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды. Осы сайыста оқушылар белсене қатысып, жүлделі І,ІІ, ІІІ орындар иеленіп, мадақтамалар

табысталды. Ал 5-8 сынып оқушылар арасында  "Тәуелсіздік –мемлекет тұрақтылығының кепілі"  тақырыбында шығарма сайысы өткізілді.

Оқушылар  тақырыпты ашуға барынша тырысып, шығармаларын жазды. Бұл сайыста 8-сынып оқушысы  Парахонько  Камила І орын иеленді.

Сонымен қатар мектеп кітапханасында «Тәуелсіздіктің шыңы» атты кітаптар көрмесі қойылды. Бұл көрмеде еліміздің Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жолындағы дамуы туралы кітаптар қойылды.

Сынып жетекшілер «Астана – қазақстандықтардың тәуелсіздігі мен бірлігінің  символы» тақырыбында  бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты:  патриотизмге,  отанды сүю сезіміне, адамгершілік,

руханилық негізінде халықтық салт-дәстүрге тәрбиелеу.  Қазақстан астанасының географиялық  дамуы  мен тарихы туралы білім алу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және ой-өрісін кеңейту болды. 

15 желтоқсан күні бейбітшілік, гүлдену және жасампаздықтың  26 жылдығына арналды. Тәуелсіздік Күні  барлық әлемде мемлекеттіктің негізгі белгісі ретінде ең басты мерекелердің бірі болып тойланады.  Қазақстан үшін Тәуелсіздік  Күні мемлекеттік идеялар туралы егемендік бейнесі ретінде тарихқа енді. Бұл күннің танымалдығы  Қазақстан халқының  бірлікке деген сезімін арттырып, күшейте түсуде. Біздің мектепте де болашақ ұрпаққа; жоғары патриоттық сананы қалыптастыру , өз елі үшін мақтаныш

сезімін тудыру сияқты патриоттық тәрбие беруге үлкен  мән беріледі.  Тәуелсіздік Күнді тойлау Қазақстандықтар үшін жарқын оқиға және осы атаулы күні біздің мектеп үшін  маңызды оқиға болды. 5-сынып оқушылары  "Республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Жас Ұлан" қатарына  салтанатты түрде қабылданды.  

Галстук тағу  - мектеп директоры Волчек Светлана Георгиевна мен оқу ісі бойынша директордың  орынбасары  Лесничая Анна  Станиславовнаға берілді.

 Мерекелік іс-шара «Тәуелсіздік – Қазақтанның мақтанышы» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концертке оқушылар мен мұғалімдер белсене қатысты. Концерттік бағдарламада қазақстандық авторлардың әндері шырқалып, 4 «Б» сынып оқушылары қазақтың «Қара жорға» биін биледі. 7-сынып

оқушылары «Алға Қазақстан» флешмобын тамаша билеп берсе, туған өкені мадақтау туралы түрлі өлеңдер де оқылды. Ата-аналар, мұғалімдер, мектеп әкімшіліктері балаларды алақан соғып алғыстарын білдіріп, өз елінің патриоттары болып  өсіп келе жатқанына қуанды.

  Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар оқушыларды  патриоттыққа  тәрбиелеуге, мемлекетке құрметпен қарауына, салт-дәстүрге, халық әдетіне оң қарым-қатынастарын  дамытуға, Отан тағдырына ортақтастық сезімін дамытуға  ықпал етті.

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст