Текст
19.01.2026
Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
⚖️ «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша
📘 10 «А» сыныбында «Мемлекет және құқық» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында оқушылар мемлекет ұғымы, оның негізгі белгілері, сондай-ақ құқық пен заңның қоғамдағы рөлі туралы мағлұмат алды. Сабақта азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңды сақтау мәдениетінің маңыздылығы жан-жақты талқыланды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Сынып сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды.