Текст
01.12.2025
2025 жылы “Научный кентінің ЖОББМ” КММ-де 7–11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-танымдық жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушылар зиянды әдеттердің адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері жайлы мәліметтермен танысты.
Оқушылар өз қолдарымен түсіндіруші плакаттар, суретті үгіт жұмыстары дайындап, нашақорлыққа қарсы көзқарастарын шығармашылық түрде жеткізді. Әр сынып өз жұмыстары арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, зиянды әрекеттерден аулақ болуға үндеді.
Бұл шара оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды