Текст
03.11.2025
Бүгін мектебімізде «Заң және менің құқығым» атты танымдық сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты – балаларға өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар әңгіме, ойын және сұрақ-жауап арқылы құқық туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сабақ өте әсерлі әрі танымды өтті. 🌟
